Ақмола облысы әкімінің құттықтауы

Ақмола облысы әкімінің құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ислам - келісім мен толеранттылықтың, жасампаздық пен үйлесімділіктің діні. Біздің елімізде Құрбан айт мерекесі тек мұсылмандарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды да біріктіреді.

Қазақстан өзінің бай рухани мұрасын, бірегей тарихи, мәдени және діни дәстүрлерін мақтан тұтады.

Оларды дамыта отырып, біз қоғамдағы мәдени және рухани әралуандылықты сақтауға, мемлекетіміздің азаматтары арасындағы өзара құрмет пен сенімді одан әрі нығайтуға тиіспіз.

Бұл ежелгі мереке барлық әлемдік діндер үшін ортақ жоғары адамгершілік және гуманистік мұраттарға - жақсылыққа, мейірімділікке және әділеттілікке құрметпен қарауды үйретеді. Биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Тәуелсіздігімізді алысымен Қазақстандық діндер тарихының жаңа беті басталды.

Құрбан айт – туыстарымыз бен жақындарымызға, жалпы айналамыздағы адамдарға жан жылуын сыйлаудың тағы бір керемет мүмкіндігі.

Әрине, биылғы айт мерекесі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өтеді. Біз бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға көшкенінің куәсі болдық. Оның кезекті күрделі толқыны бүгінде бүкіл жер шарына, соның ішінде Қазақстан аумағына тарап отыр.

Осыған орай, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға және жақындарыңызға амандық тілеймін! Біздің барлық ізгі тілектеріміз орындалсын! Тәуелсіз еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр үйге береке мен бақыт, Отанымызға бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін!