Ермек Маржықпаев тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Ермек Маржықпаев тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Ақмола облысының әкімі Көкшетаудағы тыл еңбеккерлері əрі еңбек ардагерлері Қазыкен Айтқожина, Владимир Корябкин жəне Қазиз Бұзаукиннің үйлерінде болып, Жеңіс күнімен құттықтады.
Қазыкен Жүсіпбекқызы Зеренді ауданы, Троицкое ауылында тұрып, жұмыс істеген. Оның қазіргі байлығы балалары. Ол 11 бала, 35 немере жəне 20 шөбере сүйіп отырған батыр ана.
Ал, Владимир Дмитриевич 10 жыл бойы «Златопольский» кеңшарын басқарып, «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.
Сондай-ақ, 20 мамырда өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтетін. 12 жасынан бастап еңбекке араласқан. Əйелімен бірге олар сегіз баланы тəрбиелеген. Осының бəрі Ұлы Жеңістің де шапағаты.

 

Асылай Қадырқызы,

«Арқа ажарының» өз тілшісі