Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен 2021 жылғы көктемгі егін егуді сапалы және ұйымдасқан түрде өткізуге дайындық мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен 2021 жылғы көктемгі егін егуді сапалы және ұйымдасқан түрде өткізуге дайындық мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті

Кеңеске аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері, облыстық басқармалардың, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.

Кеңесті ашқан өңір басшысы Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шеше отырып, басты назарды агроөнеркәсіптік кешенді индустриялық-инновациялық дамытуға және ауыл шаруашылығын әртараптандыруға бағыттау қажеттігін атап өтті.

«Бүгінгі таңда тек қана дәнді дақылдарды өсіру бойынша қалыптасқан тәжірибе өзін толық сарқыды, келешегі жоқ және ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды жүргізуді талап етеді деп сеніммен айтуға болады. Осыған байланысты, басым майлы дақылдар алаңдарын ұлғайту, әрбір аудан бойынша май тұқымдарын қайта өңдеу, тазалау, кептіру және сақтау жөніндегі кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын ұлғайту бойынша нақты іс-шаралар әзірлеу қажет. Сондай-ақ, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісін өсімдік шаруашылығын да, мал шаруашылығын да қарқынды дамытуға көшіру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет, бұл кез келген экономикалық жағдайда агроөнеркәсіптік шаруашылықты тиімді дамытуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Е.Маржықпаев.

Одан әрі облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықов көктемгі дала жұмыстарын сапалы және ұйымдасқан түрде жүргізуге дайындық туралы баяндама жасады.

Ағымдағы жылы 4,9 млн.га алаңда жаздық егіс жүргізу жоспарлануда, бұл өткен жылдың деңгейінен 116 мың га жоғары, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,5 млн. га алаңда орналастырылатын болады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 91,8 мың га жоғары.

Майлы дақылдарды 222,5 мың га алқапта егу жоспарлануда, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 12,8 мың га жоғары.

Картоп отырғызу алаңдары 20,6 мың га, көкөністер 3,4 мың га жерге орналастырылады, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен тиісінше 6,2 мың га және 1 мың га жоғары.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Маминнің тапсырмасына сәйкес, Ақмола облысының диқандарына қарақұмық пен картоп алқабын, тиісінше 10 мың га және 20,6 мың га дейін ұлғайту міндеті қойылды.

Егістік алқаптарының құрылымында жемшөп дақылдары 189,6 мың га алады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 4,3 мың га жоғары.

Бүгінгі таңда, ауыл шаруашылығы жерлерін суару бойынша жол картасы бекітілді, онда алдағы бес жылда суармалы жерлердің алаңын 13,3 мың гектардан 41,8 мың гектарға дейін бір жарым есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың егін егу науқанына 16 мыңнан астам астық сепкіш және 1,3 мыңнан астам жоғары өнімді егін егу кешендері тартылатын болады.

Агрегаттардың орташа тәуліктік өнімділігі 230 мың га құрайды, бұл ретте егін егу кешендерімен астық сынасының 65% жуығын себу жоспарлануда, бұл шамамен 3,2 млн. га құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ғарыштан мониторингтеу нәтижесінде облыс бойынша барлығы 3 млн. га пайдаланылмайтын және ұтымды пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары анықталды, оның ішінде егістік – 316,8 мың га, жайылым – 2 млн. 752 мың га.

Жиын соңында өңір басшысы аудандар мен қалалардың әкімдеріне ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, егістік алқаптарының құрылымын орындауды қамтамасыз етуді, егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша 2021 жылға арналған Меморандумның көрсеткіштерін орындау, сондай-ақ қарақұмық және картоп егістерін ұлғайту бөлігінде шаралар қолдануды тапсырды.

Кеңесте «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлан Серекпаев және Қазгидромет» РМК Ақмола филиалының директоры Бақыт Мақажанова ұсыныстарымен сөз сөйледі.