Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Көкшетауда іс-шаралар өтті

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Көкшетауда іс-шаралар өтті

«Қоғамдық келісім» КММ Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Тәуелсіздіктің құрдастары-этномәдени бірлестіктердің жастар клубтарының өкілдерімен кездесті. Өңір басшысымен кездесуге жастар ұйымдарының көшбасшылары, олимпиада жеңімпаздары қатысты.

«Бірлік күні бүгінгі жастар мен Тәуелсіздікпен құрдас жастар үшін ең маңызды мерекелердің бірі болып саналады және еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығында ерекше мәнге ие болады.

Бұл ретте, экономикалық және әлеуметтік саланы дамытудың маңызды драйвері болып табылатын біздің жастар өкілдерінің тәуелсіздігімізді нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өткім келеді». – деді Е.Маржықпаев.

Дөңгелек үстелге бүкіл әлемдегі алғашқы этникалық тәжік депутаты Омар Шоназаров қатысты, сондай-ақ, ол тәжік диаспорасын басқарады, жас шағына қарамастан «Асыл Арман» ЖШС директорының орынбасары болды; IT мектеп-лицейінің түлегі Вадислав Вебер қатысты. Ол оқуын 2019 жылы бітіріп, төрт тілді, соның ішінде қазақ тілін меңгерген. Дөңгелек үстелдің бірнеше қатысушылары мемлекеттік тілді жетік меңгергендігімен таң қалдырды. Ал Юрий Кочетыгов тіпті домбырада ойнады.

Жылы мезгілде Көкшетау қаласының тұрғындарды мен қонақтарды Достық үйінің аллеясындағы «Ұлы дала өрнектері» сәндік-қолданбалы өнер одағы шеберлерінің көрмесі қуантады. Орынды «Арбат» форматында пайдалану ұсынылды.

Облыс әкіміне музыканттар ашық аспан астында өнер көрсету үшін музыкалық алаң салу идеясын ұсынды. Өңір басшысы Көкшетау қаласының әкіміне тиісті тапсырма берген бастаманы қолдады.

Жастармен кездесу Болашақ сарайында жалғасты, онда облыс әкімі ТжКБ ұйымдары арасында «World skills» өңірлік чемпионатының 50 астам жеңімпазын марапаттады.

Чемпионат ұлттық жарыстарда Ақмола облысының атынан шығатын құзыреттер бойынша үздік өкілдерді іріктеуге арналған. Жеңіске жеткен жағдайда балалар Халықаралық біріншіліктерге қатысу үшін Қазақстан құрамасының құрамына кіреді. Республикада жұмысшы мамандықтары бойынша чемпионат 2015 жылы басталған болатын. Ақмолалықтар қозғалыста көш бастап тұр.

«Тамаша мереке қарсаңында біз жастар арасындағы Өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысын шығарамыз. Жыл сайын біздің команда ұлттық чемпионаттың қорытындысы бойынша командалық есепте үздік үштікке кіреді, құзыреттіліктер, жеңістер мен жүлделі орындар саны бойынша қатысушылардың ең көп санын ұсынады. 2015 жылдан бастап облыс командасы 17 алтын, тоғыз күміс,15 қола медаль және 13 шеберлік медалін жеңіп алды. Бразилия, Араб Әмірліктері, Венгрия, Ресей Халықаралық чемпионаттарында ұлттық құрама сапында ел намысын қорғады. Биыл аймақтық чемпионат 57 құзыреттілік бойынша өтті», - деді өңір басшысы.

«1 мамыр – біздің еліміз үшін ерекше мереке. Көптеген ұлттар, этностар, түрлі діни сенім өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Бұл Қазақстан үшін үлкен жетістік», – деді облыс әкімі жастарға.

Марапаттау рәсімінен кейін өңір басшысы «Кемел болашақ – жастар қолында» экологиялық акциясына қатысты. Оның аясында «Тәуелсіздік жастары» аллеясына 30 түп көшет отырғызылды. Оған Тәуелсіздіктің құрдастары, жастар көшбасшылары мен еріктілер қатысты.

Сапар соңында Ермек Мақжықпаев «Мейірімді жүрек Lider.kz» ҚҚ пансионатында болды. Пансионаттың негізгі қызметі – қарттарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға әлеуметтік көмек көрсету. Ақмола облысының әкімі қамқорлыққа алынғандардың тұрмыстық жағдайымен танысып, қоғамдық қорды одан әрі қолдауға сенім білдірді.