Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Высоцкийді мерейтойымен құттықтады.
«Сіз тек Ақмола өңірінің ғана емес, жалпы еліміздің дене шынықтыру мен спортты дамытуға елеулі үлес қостыңыз. Сіздің қажырлы еңбегіңіздің нәтижесінде талай Чемпиондар дайындалды. Сіздің қажырлы еңбегіңізге белсенді өмірлік ұстаным, үлкен оптимизм және барлық бастамаларыңызда сәттілік тілеймін!» - деді Е.Маржықпаев.
Александр Высоцкий 1971 жылы 26 сәуірде дүниеге келді.
Бокспен 1982 жылдан бастап Көкшетау қаласында айналыса бастады, 1988 жылы бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады, жастар арасында Социалистік елдер кубогының жеңімпазы, жастар арасында КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері атанды.
Оның тәрбиеленушілері: жастар арасындағы Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Айзада Еслямғали, жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Жансая Балтабекова, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Карина Ибрагимова, әлем чемпионатының ширек финалисі Зарина Цолоева және т.б.
Александр Высоцкийдің мансабындағы ең маңызды жетістік - бұл Ақмола бокс тарихындағы әлем чемпионатының алғашқы алтын медалі. 2016 жылы бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында Дина Жоламан жарыс тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді.
Әлем чемпионын дайындағаны үшін Александр Александровичке «Бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» жоғары, құрметті атағы, сондай-ақ «Жақсы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Қазіргі таңда, Александр Александрович Ақмола облысының әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы.