Ақмола облысы мемлекеттік органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің танылу деңгейі жоғары

Ақмола облысы мемлекеттік органдарының  Әдеп жөніндегі уәкілдерінің танылу деңгейі жоғары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен онлайн режимде жиын өткізіп, 2020 жылғы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін айқындау жөніндегі республикалық әлеуметтік зерттеудің қорытындыларын қарады.

Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесі жұмыс істеген уақыт ішінде мемлекеттік қызметшілердің әдептілік мәселесі ешқашан өзектілігін жоғалтпаған, себебі әдептілік мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдердің танылуына жоғары баға берілді. Осылайша, зерттеу нәтижелері сауалнамаға қатысқан респонденттердің 97,3% мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерін білетіндігін көрсетті.

Жиын барысында әлеуметтік зерттеу қорытындылары белсенді талқыланды. Іс-шара соңында Департамент басшысының орынбасары Дархан Хайруллин жиынға қатысушылардың назарын зерттеуде көрсетілген әлсіз жақтары мен ұстанымдарына аударып, әдептілік деңгейін көтеру үшін жұмысты жандандыруға және күшейтуге шақырды.