Ақмола облысының әкімі «Астана Моторс» ҚМК-нің өкілдерімен кездесті

Ақмола облысының әкімі «Астана Моторс» ҚМК-нің  өкілдерімен кездесті

«Toyota» автомобиль маркасының ресми дилері болып табылатын «Астана Моторс» ҚМК Көкшетау қаласында аттас орталық салуды жоспарлап отыр.

Қазіргі заманғы автомобиль орталығы екі кезеңде салынады, бірінші кезеңде техникалық қызмет көрсету станциясын, екінші кезеңде ақмолалықтар автокөлікті таңдай алатын заманауи шоурум салу қарастырылуда.

Дилерлер объектіні 2000 шаршы метр аумаққа орналастыруды жоспарлап отыр.

«Астана   Моторс»   ҚМК   мемлекеттік   реттеу  жөніндегі басқарушы директоры Мәди Өтешевтің айтуынша, ағымдағы жылдың көктемінде техникалық қызмет көрсету станциясының құрылысын бастау жоспарлануда.

Өңір басшысы болашақ кәсіпорынның жобасымен мұқият танысып, Ақмола облысы әкімдігінің тарапынан жобаға қолдау көрсетілетініне сенім білдірді.