ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛАЛЫҚТАР!

ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛАЛЫҚТАР!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы            5 ақпандағы №190 Жарлығын орындау үшін, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың 2020 жылғы жұмыс қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Басталуы: 2021 жылғы              12 ақпан күнгі сағат 11.00.  

Халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, өңір басшысының есебі онлайн-форматта «KOKSHE» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады. 

Сондай-ақ, стрим @ermek_marzhyqpaev, @Aqmolaakimdigi инстраграм аккаунттарында; YouTube арнасында @Aqmolaakimdigi және fb/Aqmolaakimdigi, fb/ermek.marzhyqpaev фейсбук парақтарда қол жетімді болады.

Ұсыныстар мен ескертулерді жинауға арналған жәшіктер өңіріміздің аудандары мен қалалары әкімдері аппараттарының барлық ғимараттарында, сонымен қатар облыс әкімдігінің ғимаратында (Көкшетау қ., Абай көшесі 83) орнатылған.

Өңірдің басшысына сұрақтарды akim@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайға, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде #ЕрмекМаржықпаевқасұрақ хэштэгімен белгілеу арқылы, Telegram-бот  - @Ikomek109Aqmola_bot-қа жазып, бейне сұрақтарды WhatsApp +777510300686 нөміріне жолдап, немесе   109 (Ақмола облысының тұрғындары үшін) телефон нөміріне қоңырау соғу арқылы  жолдауға болады