
Қабылдау барысында көтерілген мәселелердің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлердің толу деңгейін бақылау болды. Атап айтқанда, бұл бағытта заманауи технологияларды, соның ішінде дрондарды пайдалану мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Сонымен қатар азаматтар инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, Бұланды ауданында құрамажем зауытын және Көкшетау қаласында көкөніс сақтау қоймасын салу жобалары талқыланды.
Өңір басшысы ұсыныстарды жан-жақты зерделеп, олардың практикалық маңыздылығына және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын бағалаудың маңызды екенін атап өтті.
«Мәселені зерделеп, нақты негіздеме дайындаңыздар. Бұл жобалардың облыс тұрғындары үшін экономикалық және әлеуметтік әсері қандай болады?» – деп тапсырды облыс әкімі.
Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға азаматтардан келіп түскен өтініштерді егжей-тегжейлі зерделеп, тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.