«Дәрігерлердің кеңестері: КВИ кезінде асқынулардың алдын-алу»

«Дәрігерлердің кеңестері: КВИ кезінде асқынулардың алдын-алу»

Бүгін ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының орынбасары  Ләззат Ералиева, Нұр-Сұлтан қаласынан инфекционист-дәрігер Цечоева Татьяна Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысты. Брифингте мамандар коронавирус инфекциясын  асқындырып алмаудың әдістерін айтты, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

КВИ ерекшелігі, алғашқы белгілері және медициналық ұйымға жүгіну тәртібі

Ковидтің белгілері – температура құбылып отырады, иіс пен дәм сезу төмендейді, мұрын бітеледі және мұрыннан су ағады, бұлшықет ауырады, буындар сырқырайды. Респираторлық кезеңге дейін (6-7 күн) және респираторлық кезең деп екіге бөлінеді. Жастарда көбіне  ауру респираторлық кезеңге дейін аяқталады.

Жедел жәрдем шақырар алдында сіз бақылау парағын дайындап, науқаста болуы мүмкін негізгі белгілерді жазып, бақылауыңыз керек. Бақылау парағына (бақылау парағына) температура мен пульсті, сондай-ақ ентігу, әлсіздік, жөтел, кеудедегі ауырсыну, иіс сезу, жүрек айну немесе құсу, диарея бар-жоғын жазу керек.

Егер адам 7 күннен астам уақыт ауырса, температура тұрақты болса, жеңіл физикалық белсенділік кезінде ентігу басталса,  пульс, тыныс алу жиілесе, дәрігерге қоңырау шалу керек. Әсіресе 60 жастан асқан адамдар.

КВИ мен ЖРВИ және тұмаудың айырмашылығы неде?

КВИ-де инкубациялық кезең ұзағырақ, айқын интоксикация белгілері, респираторлық синдром болады, иіс пен дәм сезу төмендейді, мұрын бітеледі.

Вирустық инфекциялардың алдын алу жолдары

Спецификалық емес шаралар - қолды жиі жуу, антисептик пайдалану, маска кию және оны жиі ауыстыру, адам көп жиналатын жерлерге бармау. Үйде ауаны тазартып, күнделікті дымқыл шүберекпен  сүртіп отырыңыз. Ауруды асқындырып алмаңыз, денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Спецификалық профилактика – вакцинация.

КВИ асқындырып алмау үшін

Асқынудың алдын алу - емдеу және қорғау режимін және дәрігер тағайындаған ережені сақтаңыз, өзін-өзі емдеумен айналыспау. COVID-19 жеңіл формасы болса, отырып қалмай, қимылдау керек, көп жылы су ішіңіз және белсенді болыңыз (жүру).

Аурудың орташа және ауыр формасы, олар қаншалықты тез пайда болады?

Пайда болу жылдамдығы науқастың жасына, қосымша, созылмалы ауруларға байланысты.

Орташа және ауыр дәреже белгілері:

a. Дене температурасы 38.5С асады;

b. Тыныс алу циклінің жиілігі 1 минутта 24-тен көп;

c. Сатурация 93-95% аз;

d. Пульс минутына 90-120 соқса;

e. Жеңіл ауыртпалық түссе де ентігу;

f. Жеңіл жөтел;

g. Дене ауырады.

Созылмалы ауруы бар науқастар нені білуі керек және қандай алдын-алу шараларын қатаң сақтау қажет?

Коронавирус инфекция салдары өлімге себеп болуы мүмкін, ең алдымен созылмалы аурулары бар егде жастағы адамдарда, иммун тапшылығы барларда. Адамдардың бұл топтары ерекше назарда және қамқорлықты қажет етеді.

Адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу керек, маска немесе респиратор кию керек. Егер созылмалы аурудан  емделіп жүрсеңіз, емді жалғастырыңыз.

Дәрігерлер КВИ-дің қоғамда таралу деңгейінің ықтимал артуына дейін адам көп жүретін қоғамдық орындарға бармауға кеңес береді.

Егер науқас үйде емделіп жүрсе, қай кезде жедел жәрдем шақыру керек?

1) Егер динамикалық жағдай нашарласа:

a. Дене температурасы 38.5С асса;

b. Тыныс алу циклінің жиілігі 1 минутта 24-тен көп;

c. Сатурация 93-95% аз;

d. Пульс минутына 90-120 соқса;

e. Жеңіл ауыртпалық түссе де ентігу;

f. Жеңіл жөтел;

g. Дене ауырады.

2) Сізде қауіпті факторлар болса:

  1. 65 жастан асса;
  2. жүрек, өкпе, бүйректің созылмалы аурулары, гормоналды және иммундық жүйелердегі проблемалар.

ПТР-тест нәтижесі таза, бірақ Ковид инфекциясының барлық белгілері болса, не істеу керек?

Үйде болу керек, жұмыста басшылықты сізде ковид инфекциясының белгілері бар екендігі туралы ескерту керек.

Сонымен қатар, көп мөлшерде жылы сусын (су, шай, жеміс сусындары) ішу қажет, физикалық белсенділікті шектеу керек, температура 38 және одан жоғары болған кезде парацетамол қабылдау қажет. Егер созылмалы ауру болса (гипертензия, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы, өкпенің созылмалы ауруы, бронх демікпесі) негізгі ауруды емдеуді жалғастырыңыз.

Температура 3-5 күннен артық сақталса, жөтел пайда болса немесе күшейсе, емхананың учаскелік дәрігерімен кеңесу керек.

Егер адам КВИ-мен ауырса, өзгелерге жұқтырып алмау үшін не істеу керек?

14 күн карантиннен кейін ПТР әдісімен анализ жасаңыз, нәтижесі таза болса,  клиникалық белгілер байқалмаса ғана  сіз карантиннен шығып, өзгелермен байланыс орната аласыз.

Иммунитетті қалай көтеруге болады және алдағы қысқы маусым қаншалықты қауіпті болады?

Қысқы кезең қауіпті болуы мүмкін, өйткені адамдар таза ауада емес көбіне үйде  болады. Сондықтан қыста физикалық белсенділікті сақтау керек, көбінесе таза ауада жүріп, жақсы тамақтану, әсіресе көкөніс пен жемістерді көп жеу керек.

Үйде бөлмелерді үнемі желдетіп, дымқыл шүберекпен тазалап отырыңыз. 

Толық ақпаратты төмендегі сілтемеден өту арқылы ала аласыздар!

http://youtube.com/watch?v=xdzy26t3F-U