Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Блэк» ЖШС ұжымымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Блэк» ЖШС ұжымымен кездесті

«Блэк» ЖШС 1989 жылы құрылған. 2000-жылдардан бастап кәсіпорын ағаштан ұлттық нақыштағы сәндік бұйымдар – ыдыс-аяқ, жиһаз және интерьер заттарын өндіруге маманданған. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кәсіпорынның өндірістік цехтарының жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті.

Өңір басшысы еңбек адамдарының күн сайын облыстың дамуына зор үлес қосып жүргенін атап өтіп, олардың кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдірді. Кездесу барысында заң үстемдігі қағидаттары, мемлекеттік басқарудың ашықтығы және азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысты Конституцияның негізгі ережелері де талқыланды.

Айта кетейік, кәсіпорын жылына қол еңбегі кеңінен қолданылатын 70 мыңға дейін өнім шығарады.