
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Сіздерді маңызды тарихи күнмен – 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймын. Осынау маңызы айрықша құжаттың қабылдануына қолдау білдіріп, азаматтық үнін қосқан барша ақмолалықтарға алғыс білдіремін.
Жаңа Конституция мемлекеттілікті нығайтудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің, қоғамдық келісім мен мемлекетіміздің тұрақты дамуын сақтаудың берік негізіне айналады. Конституция бәрімізді ортақ құндылықтар – заң мен тәртіп үстемдігі, әділдік, өзара құрмет, жауапкершілік және жасампаз еңбек төңірегінде біріктіреді.
Бүгінде Ақмола облысы еліміздің басты астықты өлкесі бола отырып, Қазақстанның дамуына лайықты үлес қосып келеді. Тұрғындарымыздың бірлігі, еңбекқорлығы мен белсенді азаматтық ұстанымының арқасында маңызды жобалар жүзеге асырылып, экономикалық әлеуетіміз артып, әлеуметтік сала жетіліп, жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
Конституциялық принциптерге сүйене отырып біз алдағы уақытта да тұрғындарымыздың әл-ауқатын одан әрі жақсартып, алға қарай нық қадам басатынымызға сенімдімін.
Марат Ахметжанов,
Ақмола облысының әкімі