Баспасөз қызметі өкілдері кәсіби мерекеге орай пәтер кілттерін алды

Баспасөз қызметі өкілдері кәсіби мерекеге орай пәтер кілттерін алды

Көкшетау қаласында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кездесу өңірлік басылымдардың өкілдерін, редакторларды, тілшілерді және медиа саласы қызметкерлерін біріктірді.

Кездесу қатысушыларын Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтады. Ол өз сөзінде журналистердің қоғамның ашықтығын қамтамасыз ету, ақпараттандыру және өңірлік медиа кеңістігін дамытудағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың кәсібилігі мен іске адалдығы үшін алғыс білдірді.

«Журналистиканы халық пен биліктің арасындағы алтын көпір деп бекер айтпайды. Өңірдің медиа кеңістігінде шамамен 70 БАҚ жұмыс істейді, олардың ортақ мақсаты – оқиғаларды шынайы әрі объективті түрде көрсету. Дәстүрлі газеттер мен телеарналармен қатар цифрлық жаңалық платформалары да қарқынды дамып келеді», – деді өңір басшысы.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұзақ уақыттан кейін алғаш рет «Қазақстан» РТРК-сының Ақмола облысындағы телеоператоры Данияр Жұмағұлов пен облыстық «Арқа ажары» газетінің тілшісі Ұлмекен Сәдуақасова жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Бұл қадам БАҚ қызметкерлерін қолдаудың маңызды шарасы болып, іс-шараға қатысушылар тарапынан жылы қабылданды.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – жыл сайынғы «Арқа төрі – Ақмола» журналистер байқауының жеңімпаздарына облыс әкімінің сыйлықтарын табыстау болды. Марапаттар үздік материалдар, оқиғаларды объективті көрсету және өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан үлес үшін берілді.

Сондай-ақ бірқатар БАҚ қызметкерлері көпжылдық адал еңбегі үшін ведомстволық марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды.