Тұрақты дамуды қолдауға арналған велошеру қатысушыларды біріктірді

Тұрақты дамуды қолдауға арналған велошеру қатысушыларды біріктірді

АӨСШК-2026 жыл сайынғы велошеруі бір бағытта 44 қатысушыны жинап, дипломатиялық корпус пен халықаралық институттардың өкілдерін біріктірді. Спорттық шараны АӨСШК Хатшылығы, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі және Тәжікстан Елшілігі Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Велошерудің ашылуында АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай іс-шараның АӨСШК Хатшылығының 20 жылдығына орай ұйымдастырылғанын атап өтті. Осы мерейтой аясында Азиядағы өңірлік ұйымдар басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізу, Хатшылық тарихына арналған кітап шығару және халықаралық даму институттарына арналған АӨСШК қорын таныстыру жоспарланған.

«Бес жыл бойы өткізіліп келе жатқан бұл бастама Астана мен Бурабайда тұрақты түрде ұйымдастырылып, жыл сайын маңызын арттырып келеді. Бүгінде бұл жай ғана спорттық акция емес, ашық әріптестік ахуалын қалыптастыратын спорттық дипломатияның тиімді құралына айналды», – деді ол.

Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча қатысушыларды қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту және 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін велосипедті барынша пайдалануға шақырып, баршаны жасыл болашаққа бірге қадам басуға үндеді.

Салтанатты жағдайда жарысқа қатысушыларға естелік сертификаттар табысталды. Ұйымдастырушылар әрбір қатысушының үлесі өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған осындай бастамалардың маңызын арттыратынын атап өтті.