
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Шортанды ауданына жасаған жұмыс сапары барысында теміржол вокзалы ғимаратының қайта жаңарту барысымен танысты.
1980 жылы салынған бір қабатты ғимарат көптен бері жөндеуді қажет етіп келген. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, оған іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.
«Біз бұрынғы жоспарлауын сақтап қалдық, сонымен қатар ішкі әрлеуді толық ауыстырдық, заманауи талаптарды ескердік: мүмкіндігі шектеулі жандарға және кішкентай баласы бар аналарға арналған бөлмелер бар. Қазір платформа аумағын абаттандыру, сыртқы жарықтандыру орнату, байланыс желілерін тарту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Жұмыстар 90% аяқталды, маусым айының соңына қарай вокзал жұмысын бастайды», – деді Integra Construction ЖШС филиалының директоры Арман Нұрмұқанов.
Өңір басшысы теміржол вокзалы қайта жаңартылғаннан кейін жолаушыларға қызмет көрсету жағдайы жақсаратынын, көлік инфрақұрылымының деңгейі арта түсетінін атап өтіп, вокзал маңындағы саябақ құру идеясын қолдады.
Марат Ахметжанов Шортанды кентінде барған тағы бір құрылыс алаңы – 36 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы. Облыс әкімі тұрғын үй сапасы мен ауланы абаттандыруды сынға алып, балалармен бірге тұратын отбасылар үшін жақсы ойын алаңдары мен жайлы өмір сүру жағдайлары қажет екенін атап өтті.