Ақмола облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Ақмола облысының әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласында азаматтарды қабылдап, әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша өтініштерді қарастырды.

Кездесу барысында шахмат спортын қаржыландыру және жүйелі дамыту, сондай-ақ аутизмге шалдыққан балалар мәселелері талқыланды. Есту қабілеті бұзылған адамдарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, азаматтарды Целиноград ауданының Қараөткел ауылы мен Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентін дамыту, олардың әлеуметтік нысандары мен инфрақұрылымы мәселелері қызықтырды.

Барлық өтініштер қарауға қабылданып, оларды шешу үшін тиісті ведомстволарға нақты тапсырмалар берілді.