Ақмола облысында «Жас ұрпақ» қозғалысының II облыстық слеті өтті

Ақмола облысында «Жас ұрпақ» қозғалысының II облыстық слеті өтті

Ақмола облысында облыс прокуратурасының бастамасымен және өңірлік білім басқармасының қолдауымен құрылған «Жас ұрпақ» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы мүшелерінің II облыстық слеті өтті. Өңірдің барлық аудандары мен қалаларынан 100-ден астам бала жылдық жұмысты қорытындылау үшін «Сұңқар» сауықтыру кешеніне жиналды.

Слет қатысушыларын облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова құттықтады.

«Қозғалыстың негізгі мақсаты – мектеп ортасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын алу, балаларды әлеуметтік бастамаларға, шығармашылыққа, спортқа және қосымша білім алуға тарту. Бүгінде «Жас ұрпақ» мүшелері мектептердің қоғамдық өміріне белсене араласады және мектептегі өзін-өзі басқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Бұл тек құқық қорғау қызметі ғана емес, болашақты қорғауға бағытталған маңызды тәрбиелік және профилактикалық жұмыс», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Слет аясында тағы 30 оқушы қозғалыс қатарына қосылды.

Сондай-ақ Алтынай Әміренова слет аясында құрылған көрмені тамашалап, онда бірнеше жылдан бері «Жас ұрпақ» қатарында жүрген жас зерттеушілер экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобаларын ұсынды.

Айта кетейік, «Жас ұрпақ» қозғалысы 2024 жылдан бастап белсенді қызмет атқарып келеді. Осы уақыт ішінде ұйымға 7000-нан астам оқушы қосылды, ал оның бөлімшелері облыстың аудандары мен қалаларындағы барлық мектептерде жұмыс істейді.

Қозғалыс қатысушылары құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 300-ден астам іс-шара, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша 150-ден астам кездесу мен тренинг, құқықтық сауаттылық бойынша 200-ге жуық тәрбие сағатын, сондай-ақ 400-ден астам патриоттық бағыттағы іс-шара өткізді.