
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып Ботакөз Балапаевна Дүйсенова тағайындалды.
Ботакөз Дүйсенова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын және А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Зеренді ауданының Ақан орта мектебінде тәрбиеші болып бастаған.
1994–1998 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеген.
1999–2025 жылдары Ақмола облысының білім басқармасында қызмет атқарып, жетекші маманнан бастап басқарма басшысының орынбасары лауазымына дейін көтерілген.
Тағайындалғанға дейін Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарған.