«Оқжетпес» футбол клубының директоры болып Ербол Каиров тағайындалды

«Оқжетпес» футбол клубының директоры болып Ербол Каиров тағайындалды

«Көкше-Аренада» «Оқжетпес» футбол клубының жаңа директоры ресми түрде таныстырылды.

Бұл қызметке Ақмола облысының тумасы, Қазақстан футболы жүйесінде тәжірибесі бар маман Ербол Қыдырбекұлы Каиров тағайындалды. Екі жоғары білімі бар, AlmaU-де білім алып, УЕФА желісі бойынша дайындықтан өткен.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында басшылық қызметтер атқарып, Кәсіби футбол лигасында жұмыс істеген.

Жаңа басшының алдына негізгі міндеттер қойылды: клубты ашық әрі тиімді басқаруды қамтамасыз ету, маркетингті күшейту және жанкүйерлермен өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ өз кадрларын даярлаудың негізі ретінде балалар мен жасөспірімдер футболын жүйелі түрде дамыту.

Клубты дамыту Ақмола облысының бизнес-қоғамдастығының қолдауымен жүзеге асырылатын болады.