Қосшы қаласының бес жылдық мерейтойына жаңа мектеп құрылысы басталады

Қосшы қаласының бес жылдық мерейтойына жаңа мектеп құрылысы басталады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен Қосшы қаласын дамыту мәселелеріне арналған жиын облыс әкімдігінде өтті. Іс-шараға құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

«Биыл елдегі ең жас қалалардың бірі – Қосшы өзінің алғашқы мерейтойын атап өтіп отыр. Мемлекет басшысы Қосшы қаласына және оның дамуына ерекше көңіл бөледі. Қалада қысқа мерзім ішінде құрылыс-жоспарлау жоспары бекітілді, оған сәйкес жаңа әлеуметтік және спорттық нысандар салынуда, ЛРТ құрылысы мен 350 төсек орынға арналған жаңа стационар бой көтеруде. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік нысандар ашылып жатқан инвестициялық аймақ құрылды», – деді Марат Ахметжанов.

Қазіргі таңда қалада жол желілерін жөндеуді қайта бастау, сондай-ақ 1500 орындық үлкен әлеуметтік нысан – мектеп салу жоспарланған. Қазіргі заманғы мектеп екі спорт залымен, ыңғайлы кабинеттерімен және заманауи жабдықтарымен бар білім беру ұйымдарының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі жобаны мүмкіндігінше қысқа мерзімде іске асыруды тапсырды.