Aitas холдингі мен Ақмола облысы әкімдігі арасында құс асыл тұқымды репродуктор салу туралы меморандумға қол қойылды

Aitas холдингі мен Ақмола облысы әкімдігі арасында құс асыл тұқымды репродуктор салу туралы меморандумға қол қойылды

Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов Aitas холдингі басшылығымен кездесіп, алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

«Макинск құс фабрикасы-нда 2,1 мыңнан адамды жұмыспен қамтиды, құс еті өндірісі жылына 90 мың тоннаға жетеді. Бұл өңірдің даму локомотивіне айналып келе жатқан Бұл – Ақмола облысындағы ірі агроөнеркәсіптік кешен», – деді Aitas холдингінің негізін қалаушы Серік Толықпаев.

Холдинг әлеуметтік салаға үлкен көңіл бөледі. Aitas meken foundation соңғы 7 жылда 70-тен астам жобаға 9.2 млрд теңгеге жуық әлеуметтік инвестиция тартқан. Макинск қаласының мектеп-гимназиясы жаһандық Google for Education бағдарламасының қатысушысы атанды. Бұдан бөлек, Aitas meken foundation Бұланды ауданы әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлерімен бірлесе, ауданның ұзақмерзімді даму стратегиясын қабылдағанын хабарлады.

«Стратегия аясында 2030 жылға экономика, экология және әлеуметтік салада 100-ден астам инвест жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деді Фатима Герфанова.

Тараптар компанияның әрі қарай дамуын, соның ішінде инкубациялық жұмыртқа өндірісін іске қосу мәселелерін талқылады. Құны 47 млрд теңге болатын инвестициялық жоба Орталық Азиядағы ең ірі құс асыл тұқымды репродукторға айналмақ.

«Біз өңірдегі перспективалы жобаларды, әсіресе мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағыттарын қолдауға дайынбыз. Қазір облыста 400 мыңнан астам ірі қара мал бар, ұсақ мал басын арттыру бойынша да жақсы жобалар бар. Кәсіпорындардың әлеуетін пайдаланып, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту қажет», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Кездесу қорытындысында құс асыл тұқымды репродуктор жобасын жүзеге асыру аясында одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.