Жібек жолы ауылында су тасқыны суларының қауіпсіз өтуі қамтамасыз етілді

Жібек жолы ауылында су тасқыны суларының қауіпсіз өтуі қамтамасыз етілді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ерболат Садырбаевпен бірлесіп, Астана су қоймасынан су жіберіліп жатқан Жібек жолы ауылындағы Есіл өзенінің арнасын тексерді.

Қазіргі уақытта су жіберу көлемі секундына 450 текше метрді құрайды. Бұған дейін жүзеге асырылған шаралардың, оның ішінде қорғаныс бөгетін салу және контррегулятордан айналма канал жүргізудің арқасында су кедергісіз өтуде.

Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралар өз тиімділігін көрсетті. Қазіргі кезде су жіберу көлемі біртіндеп төмендеуде.

Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, жағдай бақылауда.