Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда өз дауыстарын облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында орналасқан №18 сайлау учаскесінде берді.

Марат Ахметжанов ақмолалықтарды азаматтық жауапкершілік танытып, референдумға қатысуға шақырды.

«Референдум – бұл халықтың азаматтық кемелдігі мен саяси санасы айқын көрінетін сәт. Барша өңір тұрғындарын бірлік танытып, белсенділік көрсетіп, дауыс беру арқылы өз пікірін білдіруге шақырамын», – деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетейік, Ақмола облысында 760 сайлау учаскесі жұмыс істейді.