
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласының еңбек сіңірген педагогы Майра Жетписовамен кездесті.
Майра Сағадиевна жарты ғасыр бойы Қосшы қаласында тұрып келеді, 45 жылдан астам уақыт бойы №1 Р. Қошқарбаев атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. Қазіргі таңда жоғары санатты педагог зейнеткерлікке шыққанымен, әлі де жас мұғалімдермен тәжірибесін бөлісіп келеді.
Өңір басшысы көп жылғы адал еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, оның қаланың және қоғамның дамуына қосқан үлесін атап өтті.
«Сіз сияқты әйелдердің рөлін бағалау мүмкін емес. Дәл сіздердің даналықтарыңыздың, өмірлік тәжірибелеріңіздің, сабырлылықтарыңыз бен кең пейілдеріңіздің арқасында отбасылық құндылықтар нығайып, лайықты жас ұрпақ тәрбиеленіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне берік негіз қаланады. Сіздің үлгіңіз айналаңыздағы адамдарға шабыт пен құрметтің қайнар көзі болып табылады, ал өмірлік ұстанымыңыз бен ісіңізге адалдығыңыз жастар үшін нағыз өнеге», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.