
Қазақстан Республикасы Президентінің орман қорын ауқымды қалпына келтіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Ақмола облысының орман және балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңесті облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан өткізді.
Кездесу барысында 2025 жылға арналған жұмыс қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған негізгі бағыттар айқындалды. Орманды қалпына келтіру, орман қорын ұлғайту, орман тұқым шаруашылығын дамыту және жабық тамыр жүйесі бар отырғызу материалдарын өсірудің заманауи технологияларын енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар атап өтілді.
Орман дақылдарының жерсіну деңгейін арттыруға, өрт қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге, ормандарды қорғауды күшейтуге және орман ресурстарын ұтымды пайдалануға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту және балық шаруашылығы су айдындарын тиісті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
«Табиғи ресурстар басқармасына орман шаруашылықтарымен бірлесіп орман дақылдарының жерсінуін арттыру және заңсыз ағаш кесудің алдын алу жұмыстарын күшейту, ерте ескерту жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсыну тапсырылды. Қосымша ретінде климаттық жағдайларды ескере отырып, орман алқаптарын қалпына келтіру және кеңейту бағдарламасы әзірленеді, сондай-ақ ормандарды қорғау бойынша ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Белгіленген міндеттердің орындалуы бақылауға алынды», – деп қорытындылады Мұрат Балпан.