Жас ақмолалық зерттеушілер – республикалық байқаудың жүлдегерлері қатарында

Жас ақмолалық зерттеушілер – республикалық байқаудың жүлдегерлері қатарында

Қарағанды қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Оқушылар тарих, өлкетану, тіл білімі, әдебиет, этномәдениеттану және қоғамтану бағыттары бойынша ғылыми жобаларын қорғады.

Ақмола облысының атынан республикалық деңгейде 14 оқушы қатысты. Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша қатысушыларымыз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

ІІ дәрежелі дипломдармен Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Ақерке Дүйсенбек пен Жансұлу Имантай, сондай-ақ Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының оқушысы Айжан Мусина марапатталды.

ІІІ орынды Көкшетау қаласындағы Абай атындағы №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Әмина Баянбай және Атбасар қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Дильназ Опабекова иеленді.

Тағы төрт жоба грамоталармен атап өтілді.