
«Кең Дала 2» бағдарламасының арқасында аграрийлер көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін төмендетілген мөлшерлемемен жеңілдетілген несие рәсімдей алады. Бұл Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақтылығын тікелей арттырады.
2024 жылы «KOKSHE» ӘКК» АҚ 35 қарыз алушыға жалпы сомасы 11 млрд теңге көлемінде несие берді. 2025 жылы корпорацияның жұмысы айтарлықтай жеделдеді: қазірдің өзінде 160 кәсіпкер 46,5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру алды.
2026 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «KOKSHE» ӘКК» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жыл сайын 35 млрд теңге сомасына кредиттік желі ашу туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Аграрийлерді жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесі қызықтырады: қарыз алушылар несиені жылдық 5% мөлшерлемемен алады. Бұл ретте қарыз сомасының 85%-ына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді.
Қазіргі уақытта Ақмола өңірінде егін жинау науқанына дайындық қызу жүріп жатыр. Фермерлерге жанар-жағармай материалдарын, тұқым, ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға немесе жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге қаражат қажет. «Кең Дала 2» бағдарламасының арқасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз жоспарларын табысты жүзеге асыра алады. Мыңдаған фермер өндірісті дамытып, тиімділікті арттырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосуда.