
Сандықтау ауданына қарасты Спасское ауылы «Спасское-Агро» ЖШС басшысы Магомед Абуевтің қолдауының арқасында әлеуметтік сала қызметкерлері үшін жаңа үйге айналды. Қызметтік тұрғын үйдің кілттері бір медицина қызметкері мен екі педагогқа табысталды.
«Біз әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдауға, ауылдық жерлерде халықты тұрақтандыруға және ауылымыздың өміріне белсенді қатысуға ұмтыламыз», – деп атап өтті «Спасское-Агро» ЖШС басшысы Магомед Абуев.
Тұрғын үй серіктестік қаражаты есебінен сатып алынып, күрделі жөндеуден өтті. Бұл мамандардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
«Мен үшін бұл жай ғана тұрғын үй емес – бұл біздің еңбегімізге көрсетілген қолдау мен құрмет. Кең әрі жарық бөлмелер өмір сүруге қолайлы, ал осындай жағдайда жұмыс істеу одан да зор қуаныш сыйлайды», – деп өз әсерімен бөлісті медицина қызметкері Фаридат Асхабова.