Щучинск қаласында өткен Қазақстан кубогының қорытындысы бойынша шаңғы жарысынан ұлттық құраманың құрамы анықталды. Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін Олимпиада ойындарында Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина және Анна Мельник ел намысын қорғайды.
Алдағы күндері Халықаралық шаңғы спорт түрлері федерациясы (FIS) әр елге, соның ішінде Қазақстанға берілетін квоталар санын бекітеді.