
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасымен демалыс және мерекелік күндері бағаны мониторингілеу жүргізілді. Көкшетаудағы ірі сауда желілерінде тексерістер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының өспегенін көрсетті.
Бағаны тұрақтандыру үшін облыстық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Қаржы «айналымдық схема» мен тұрақтандыру қорына бағытталды, олар негізгі 13 өнім түрін қамтиды. Жалпы тауар қоры 11 мың тоннаны асып түсті, бұл баға тербелістеріне жылдам жауап беруге мүмкіндік береді.
2025 жылдың күзгі егінінен көкөністер толықтай шартталған, бұл облыс орталығы халқының қажеттілігінің 50%-ын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорынан өнім сату басталды.
Айта кетейік, жыл басынан бері 1 188 бағаны тұрақтандыру туралы келісім жасалды, 319 жәрмеңке өткізілді. Сауда үстеме бағасының артық қолданылғаны бойынша 177 факт анықталып, шаралар қабылданды. Бағаны бақылау жалғасуда.