
2025 жылғы 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жұманғарин Серік Макашевтің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Көкшетау қаласындағы «ЦУМ» СҮ алаңында кең ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге Ақмола облысының барлық аудандары мен қалалары қатысып, жалпы саны 45 павильоннан тұратын 90 сауда орны ұсынылып отыр. Сонымен қатар, «НК СПК Kokshe» АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы да бірқатар тауарлар төмендетілген бағамен сатылымға шығарылады, атап айтқанда: сиыр еті, 1 сортты ұн, қант, күріш, тұз, күнбағыс майы, макарон өнімдері, картоп, қырыққабат, сәбіз.
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тұтынушыларға жалпы көлемі 200 тоннадан асатын 30-дан астам түрлі өнім түрін ұсынады. Атап айтқанда:
- ет және шұжық өнімдері – 49,09 тонна;
- жаңа ауланған балық және балық өнімдері – 4 тонна;
- тағамдық жұмыртқа – 200 мың дана;
- сүт және сүт өнімдері – 19 тонна;
- ұн – 17,5 тонна;
- картоп пен көкөніс – 83 тоннадан астам;
- жарма өнімдері – шамамен 2 тонна;
- өсімдік майы – 2,5 мың литр.
Сонымен қатар, жәрмеңке аясында отын, көшет материалдары және басқа да маусымдық тауарлар ұсынылады. Барлық өнімдер нарықтағы бағадан 10–15% төмен бағада сатылады.