
Халық алдында сөйлеген өңір басшысы ауданның аграрлық секторды және экономиканың басқа да маңызды салаларын белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті. Биыл ауданның ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, аграрлық салаға көрсетілетін мемлекеттік қолдау көлемі 1,3 есеге артты және 5,3 млрд теңгені құрады. Соның нәтижесінде ауданның 100-ден астам аграрийі 7 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынын, сондай-ақ ауылшаруашылығы техникасын жаңартуға елеулі қолдау алды.
«Жыл басынан бері қолжетімді жеңілдетілген лизинг аясында аудан шаруашылықтары 60 бірлік жаңа заманауи ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Бұл жай ғана өсім емес – жаңғырту қарқынының екі есе артуы. Льготалы лизинг фермерлеріміздің ең ауыр қаржылық жүктемесін азайтып, болашаққа сенімді жоспар құруға мүмкіндік береді», – деді Марат Ахметжанов.
Осындай жетістіктерге қарамастан, аудандағы орташа өнімділік төмен деңгейде қалып отыр. Дегенмен «Ависс», «ДариумАстана» және «Сапа Грин» сияқты ірі шаруашылықтарда жоғары өнім көрсеткіштері байқалып, нәтижені жақсартуға толық мүмкіндік бар екенін дәлелдеп отыр. Мал шаруашылығы да дамып келеді: ірі қара мал басы артып, жаңа ет фермалары ашылуда. Сондай-ақ «Құралай МК» бордақылау алаңын 3 мың басқа дейін кеңейту және сүт-тауарлық ферма салу жоспарлануда.
Аудандағы инвестициялық белсенділік те айтарлықтай артты. Биыл ауданға 4,3 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 есе көп. Бұл қаражат ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыруға, оның ішінде астық қоймаларын салуға және ет фермаларын модернизациялауға бағытталды.
Корғалжын ауданы инфрақұрылымдық дамуды да белсенді жүргізуде. Биыл 26 шақырымнан астам жол жөнделді, аудан мен аудан орталығындағы көше-жол желісі жақсартылды. Сонымен қатар Нұра топтық су құбырын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, бұл 13 ауылды тұрақты сумен қамтамасыз етеді.
Туризм саласында аудан табиғи байлығымен, әсіресе Корғалжын мемлекеттік табиғи қорығымен үлкен әлеуетке ие. Алайда бұл мүмкіндіктер толық пайдаланылмай отыр. Биыл алғаш рет кең көлемде өткізілген «Фламинго» фестивалі өңірдің туристік әлеуетіне назар аудартты.
Әлеуметтік салада да маңызды жобалар іске асырылуда. Биыл Жантеке ауылындағы мектептің капиталды жөндеуі аяқталды, Корғалжын ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Спорттық және мәдени инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары тұрғындардың өмір сапасын жақсартуда.
Тұрғындар өңір басшысына көп жылдық су мәселесін жедел шешкені үшін алғыс білдіріп, бірқатар өзекті мәселелерді көтерді: аудан орталығында қоғамдық монша салу қажеттілігі, Сабынды ауылындағы жолдарды жөндеу.
«Маңыздысы – аудан аграрлық секторды ғана емес, инновацияларды енгізіп, инфрақұрылымды жақсартып, болашаққа бағытталған тұрақты экономиканы қалыптастыру үшін инвестиция тартып келеді. Ауыл шаруашылығы басқармасы мен "Көкше" ӘКК-не мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде тұрғындармен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, оның ішінде мал шаруашылығындағы қолдау тетіктерін түсіндіруді тапсырамын. Сонымен бірге Корғалжын ауылындағы қалған бес көпқабатты үйдің жөндеуін аяқтау қажет», – деп қорытындылады Марат Ахметжанов.
Кездесу соңында өңір басшысы ауылшаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттап, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.