Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ерейментау ауданының тұрғындарымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ерейментау  ауданының тұрғындарымен кездесті

Марат Ахметжанов Ерейментау ауданының халқымен кездесу өткізіп, өңірдің негізгі нәтижелері мен алдағы даму перспективаларымен таныстырды.

Өңір басшысы ауыл шаруашылығына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың едәуір артқанын атап өтті: 2025 жылы шаруаларға 5,3 млрд теңге бағытталды, тыңайтқыш көлемі көбейді, техника сатып алынды, дизель отыны арзандатылған бағамен қамтамасыз етілді. Облыс биыл рекордтық өнім жинады, ал аудан соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Сонымен қатар, аким агротехнологияларды жетілдіру мен цифрландыру қарқынын арттыру қажеттілігіне назар аударды. Осы бағытта «Ақдым – 1», «АФ Новомарковка 2010», «Ақ Жар 2016» және «ВК Агро» шаруашылықтары көшбасшылар ретінде аталды. «Ауыл Аманаты» бағдарламасының жүзеге асуы да атап өтіліп, оның арқасында ауданда мал басы өскені белгілі болды.

«Биыл ТОО «Ерейментау – Астық 2014» өнімдері халықаралық нарыққа шықты. Ерейментаудың қозы еті Катар еліне экспортталуда. Бұл – өнімнің жоғары сапасын, стандарттардың қатаң сақталуын және жергілікті кәсіпорынның тиімді жұмысын көрсететін айқын дәлел. Бұл ауданның ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді», – деді Марат Ахметжанов.

ТКШ саласында ауызсу бойынша жобалар аяқталуға жақын, №5 қазандыққа қосымша электр энергиясы желісі салынды, көше жарығы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шамамен 60 км жол жөнделді, облыстық магистралды реконструкциялау және үш жаңа теміржол вокзалын салу жұмыстары жалғасып жатыр.

Өңір басшысы ауданның жоғары туристік әлеуетін ескере отырып, «Бұйратау» ұлттық паркінде инвестиция тарту және заманауи инфрақұрылым құрудың маңыздылығын атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы басқармасына СПК «Көкше» ұйымымен бірлесе отырып, мал шаруашылығын және оған қатысты қызмет түрлерін дамытуға қаражат бөлуді тапсырамын», – деді облыс әкімі.

Аудан тұрғындары облыс әкіміне Ерейментау қаласында теміржол өткелін салу қажеттілігі, жол құрылысының сапасы және өңір экологиясын сақтау туралы сұрақтар қойды. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынады. Кездесу барысында өңір басшысы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыстады.

Іс-шара азаматтарды жеке қабылдаумен аяқталды.