
Ақмола облысының Ерейментау ауданында жалпы инвестиция көлемі 15,5 млрд теңгені құрайтын ірі агроөнеркәсіптік ет кластерін құру жобасы басталды. Жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ауданның кәсіпкерлерімен жобаның перспективаларын талқылады.
Жоба асыл тұқымды мал шаруашылығын, шаруашылықтарды және өнеркәсіптік бордақылауды біріктіре отырып, толықтай жабық өндірістік циклді құруды көздейді.
«Кластер құрылымына ТОО «Торғай» және ТОО «Соколинки и К» калмақ тұқымды ІҚМ племрепродукторлары, сондай-ақ ІҚМ бордақылау кешені (ТОО «Номад») кіреді. 2027 жылға қарай жылына 30 мың басқа дейін өндірістік қуатқа шығуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жайылымдардың жемшөп сыйымдылығын айтарлықтай арттыру көзделген», – деді консорциум кеңесшісі Гүлмира Исаева.
Кәсіпорынның жоспарында аналық мал басын 17,3 мың басқа дейін көбейту, асыл тұқымды мал өндіру көлемін арттыру және фермерлік шаруашылықтардың кооперациясын дамыту бар. Жоба 240 тікелей және 400 жанама жұмыс орнын ашпақ. Болжам бойынша кластерді іске асырудың экономикалық тиімділігі бюджетке 1,1 млрд теңге түсім әкеледі.
Өңір басшысы жобаның аграрлық сектор үшін маңыздылығын атап, облыстың мал шаруашылығында экономиканы дамытуға серпін беретін якорлық жобаның қажеттігін айтты.
«Қазіргі таңда якорлық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалды. Оның тиімділігін халыққа көрсету маңызды. Ерейментау ауданы мал шаруашылығын дамытуға зор әлеуетке ие. Облыстағы жайылымдық жерлердің 23%-ы Ерейментау ауданына тиесілі. Мал өсіруге қолайлы жағдайдың бірі – «Ауыл Аманаты» бағдарламасы. Льготалық несие қаражаты есебінен 406 ірі қара, 1 800 ұсақ мал және 53 жылқы сатып алынды. Қуаты 100-ден 1200 басқа дейінгі бірқатар ет шаруашылықтары жұмыс істейді. Халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігі бар», – деп атап өтті облыс әкімі.