
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы «Көкшетау минералды сулары» АҚ-ның өндірістік үдерісімен танысты.
1991 жылы негізі қаланған зауыт – өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі. Компания минералды су, газдалған және газдалмаған сусындар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіреді.
«Көкшетау минералды сулары» АҚ-ның директоры Досымжан Кенжешов компания өндірістік қуаттарды қайта жаңғырту және кеңейту бойынша ауқымды жобаны бастап кеткенін атап өтті.
«Қосымша цехтың салынуы өндіріс ауқымын бір жарым есе арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобаға купаждау цехы мен қойманы қайта құру жұмыстары кіреді», – деді Досымжан Кенжешов.
Алкоголь өнімдері бойынша қуаттылықты жылына 3 000 млн дал деңгейіне жеткізу, сондай-ақ сыйымдылық паркінің көлемін 90 мың далға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру өңірдің дамуына елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашады.