Ақмола облысында «Омбудсмен+» моделі бойынша кеңейтілген отырыс өтті

Ақмола облысында «Омбудсмен+» моделі бойынша кеңейтілген отырыс өтті

Ұлттық превентивтік механизмнің (ҰПМ) жұмысына арналған іс-шараға Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің жанындағы үйлестіру кеңесінің хатшысы Раиса Шер, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов, Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілі Гүлнара Жанбекова және басқа да қатысушылар қатысты. Қатысушылардың жалпы қамтылуы мың адамға жуық болды.

Раиса Шер Ұлттық превентивтік тетіктің негізгі бағыттары туралы кеңінен баяндап, оның азаптаудың және адамның қадір-қасиетін қорлайтын, қатігез немесе адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынастың алдын алуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ ол Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы үйлестіру кеңесінің ҰПМ қатысушыларының ұсыныстарын ілгерілетуге қосатын үлесіне назар аударды.

Отырыс барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, түзеу мекемелерінде, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда ұсталатын адамдардың жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды. Мониторингтік сапарлардың нәтижелері тыңдалып, бар сын-тегеуріндер талданды және азаптаудың әрі қатігез қарым-қатынастың алдын алу жүйесін нығайту бағыттары айқындалды. Дөңгелек үстел барысында ҰПМ жұмысы туралы дайындалған буклеттер таныстырылып, үйлестіру кеңесінің хатшысы мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілі ҰПМ қызметі туралы әңгімелейтін бейнероликтер көрсетілді.

Гүлнара Жанбекова Ұлттық превентивтік тетіктің жұмысы адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Оның рөлін және мүмкіндіктерін күшейту құқықбұзушылықтардың алдын алуға, түзеу мекемелерінде, сондай-ақ әлеуметтік қорғау және білім беру ұйымдарында гуманды, ашық және қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.