Облыс әкімі Степногорск қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында болды

Облыс әкімі Степногорск қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында болды

Степногорск қаласында қарт адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, пайдалы бос уақыт ұйымдастыру және олардың қоғам өміріне белсенді қатысуын сақтау мақсатында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында аталған орталықта болды.

Орталық қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен жұмыс істейді. Мұнда зейнеткерлер мен егде жастағы тұрғындар үшін денсаулықты нығайтуға және шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған түрлі үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылған.

Қазіргі уақытта орталықта йога, фитнес, нейрожаттығулар, би, вокал, қолөнер, сурет салу және тігін бойынша сабақтар өтеді. Сондай-ақ шахмат, үстел теннисі, тренажер залы және демалыс аймақтары қарастырылған.

Бүгінде белсенді ұзақ өмір сүру орталығында шамамен 500 адам тіркелген, олардың басым бөлігі сабақтарға тұрақты түрде қатысады.