Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды қабылдады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды қабылдады

Марат Ахметжанов жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады. Кездесу барысында Көкшетау қаласы мен Аршалы ауданының тұрғындары жер қатынастары, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және облыс орталығында газбен қамтамасыз етуді қалпына келтіру мәселелерін көтерді. Мектепке дейінгі ұйымның бастамашыл тобы педагогтарға біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу және әкімшілік пен қосалқы персоналдың жалақысын арттыру мәселелері бойынша жүгінді.

Өңір басшысы барлық өтініштер назардан тыс қалмайтынын, алайда шешімдер белгіленген заңнама аясында қабылдануы тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттік органдар басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, халықтың мәселелерін уақытылы қарау және шешу қажеттігін еске салды.