
«Көкшетау» мәдениет үйінің фойесінде ірі кәсіпорындардың өнімі таныстырылды – «Гормолзавод» ЖШС мен «Родина» агрофирмасының сүт өнімдері, «Бижан» ет өңдеу кешенінің шұжықтары, «Курочка Ряба» брендінің тауық еті мен жұмыртқалары, «Нан комбинатының» нан-тоқаш өнімдері.
Өз өнімдерін өңірде ғана емес, бүкіл елге танымал шағын бизнес өкілдері де ұсынды – Францияда өткен сыр өндірушілер байқауында алтын медаль иеленген Бурабай ауданынан Руслан Соколов пен Көкшетау қаласынан Эльвира Мұқашеваның ірімшіктері, Степногорск қаласынан Зауреш Исинаның ет деликатестері және «Бір ауыл – бір өнім» конкурсының финалистері Бурабайдан Гүлжан Болпанованың балы.
«Біз сиыр және ешкі сүтінен 15-тен астам ірімшік түрін өндіреміз. Көптеген ірімшіктер Бурабайдың тарихи және қасиетті орындарының атымен аталған. Өнімдеріміз кәсіби беделді байқауларда 12 марапатқа ие болды, оны еліміздің әр түкпірінен қуана-қуана тапсырыс береді», – деді Руслан Сок олов.