
Өңір басшысы кездесуде буландыдықтарға еңбектері үшін алғыс айтып, биылғы орақ науқанының қорытындысы бойынша ауданның тек облыста ғана емес, республикада да көш бастап тұрғанын атап өтті. Ауданның аграрии 505,8 мың тонна астық жинап, облыстағы ең жоғары көрсеткіштердің бірін – гектарынан 25 центнер өнім алған. Ең жоғары өнімділік «Журавлевка-1» (31,6 ц/га) және «Фирма Нанар» (28,5 ц/га) шаруашылықтарында тіркелді. Аудан облыстағы негізгі өндірушілердің бірі болуды жалғастырып, өңірдің барлық ауыл шаруашылығы өнімінің 12,5 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Ауданда ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы облыс бойынша ең жоғары және еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ең үздік көрсеткіштердің бірі саналады.
«Мұндай нәтижелерге диқандар мемлекеттік қолдаудың және еө арқасында қол жеткізді. Шамамен 30 млрд теңге жеңілдетілген несиелеуге, субсидиялауға және ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға бағытталды. Тек жеңілдетілген лизинг аясында шаруашылықтар 83 техника бірлігін сатып алды. Шаруаларға 10 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны беріліп, 121 өтінім толық қамтамасыз етілді», – деді Марат Ахметжанов.
Жаңа жұмыс орындары инвестиция тарту арқылы жасақталуда. 2025 жылы ауданда 13 инвестициялық жоба іске асырылуда – қоймаларды кеңейту, ЖЖҚ бекетін және электр желілерін реконструкциялау, демалыс аймағын, қонақүй кешенін, тұрғын үйлерді, астық қоймаларын және сауда нысандарын салу жоспарланған.
Су тасқынының алдын алу шаралары еріген судың үлкен көлемін ұстап тұруға және ондаған елді мекенді қорғауға қауқарлы негізгі гидротехникалық құрылғыларды қалпына келтіруге және салуға бағытталған. Прохоровско-Колоколовская (Байсуат ауылы) бөгетінде, сондай-ақ Тастыөзек бөгетінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Келесі су тасқынына дейін төрт ауылды қорғайтын Иванков бөгетін қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Су өткізу құрылыстары орнатылды, қорғаныс валдары салынды, арық жүйелері тазартылып, кеңейтілді, негізгі дамбалар нығайтылды. Бұл шаралар өңірдің тасқынға төзімділігін арттырып, ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін қосымша су қорын қалыптастырады.
Аудан тұрғындары әкіммен жол құрылысы, кәріз жүйесінің жағдайы, жылу беру мәселелерін талқылады. Реновация бағдарламасы аясында салынған үйлерге қатысты сұраққа облыс әкімі былай деді:
«Біз акмолалықтарды заманауи әрі жайлы баспанамен қамтамасыз етіп келеміз. Реновация бағдарламасы ескі үйлерден жаңа, жарық әрі жылы пәтерлерге көшуге мүмкіндік береді. Тапсырма беремін: үйлердің дайындығына қарай кезекте тұрғандарды дер кезінде қоныстандыру керек, белгілі бір мерзімді күтудің қажеті жоқ».
Кездесу азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаумен аяқталды.