
Өңір әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, ағымдағы жылу беру маусымына дайындық аясында шамамен 40 км жылу желілері ауыстырылды және 59 қазандық жаңартылды. Жылу беру маусымы қалыпты режимде өтуде. Нормативтік көмір қоры жиналған, халық үшін тапшылық жоқ. Сонымен қатар, сумен жабдықтаудың тұрақтылығы мен сапасына ерекше назар аударылады. Осы жылы 77 ауыл сумен қамтамасыз етіледі, 17 ауылдағы су құбырлары желілерінің реконструкциясы аяқталады.
«Биыл электр желісінің 165 км қамтитын алты жоба іске қосылады. Ол тапшылықты жоюға мүмкіндік береді және астана маңындағы 30 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз жарықпен қамтамасыз етеді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, Астана маңы елді мекендерін газдандыру жұмысы жалғасуда. Биыл табиғи газға қол жеткізетін тұрғындар саны 115 мыңға, ал келесі жылы 226 мыңға жетеді.