Әйелдер баскетбол командасы «Оқжетпес» 2025 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогының күміс жүлдегері атанды. Әйелдер командалары арасындағы турнир 10–15 қазан аралығында Щучинск қаласында өтіп, еліміздің ең мықты сегіз командасын жинады.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов баскетболшы қыздармен кездесіп, олардың сәтті өнер көрсеткенімен құттықтады.
«Сіздердің биылғы маусымдағы ойындарыңыз құрметке лайық. Табандылықтарыңыздың және бірліктеріңіздің арқасында сіздер өткен жылғы нәтижеңізді жақсартып, (Қазақстан Кубогы – 2024 жыл) бесінші орыннан көтеріліп, мәртебелі екінші орынға ие болдыңыздар. Бұл сіздердің жоғары шеберліктеріңіз бен жеңіске деген ұмтылыстарыңызды дәлелдейді. Өткен жылы да сіздер Ұлттық лигада қола медаль иегері атандыңыздар. Сіздердің жетістіктеріңіз – бүкіл облысымыздың мақтанышы», – деді өңір басшысы.
Марат Ахметжанов сондай-ақ спорт саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты. Атап айтқанда, биыл Көкшетау қаласында көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы аяқталуда, онда командаға өздерінің алғашқы ойынын өткізу ұсынылды.
Айта кету керек, 2021 жылдан 2025 жылға дейін «Оқжетпес» баскетбол командасы тұрақты түрде Қазақстан Республикасының чемпионаттарында жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында келеді.