Мысырдың Каир қаласында өткен пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ақмолалық спортшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі алтын медаль иеленді.
Жеке сын бойынша Дегтярев 191 келі салмақты көтеріп, ең жоғары нәтижені көрсетті, сондай-ақ үш әрекеттің жиынтығы бойынша Қытай мен Сальвадор спортшыларын озып, жеңімпаз атанды.
Өзінің спорттық мансабы барысында Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен үш дүркін әлем чемпионы атанып, Қазақстандағы паралимпиадалық спорттың дамуына зор үлес қосып келеді.
Спортшыны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Николаевич Колесников дайындаған.