Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалық еуімен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы бағытталған қызметтерді үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаптың отырысы өткізілді.
Отырысқа штаб мүшелері – құқық қорғау органдарының, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ішкі саясат, экономика және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері қатысты.
Шара қорытындысы бойынша халықтың арасында қоғамдық орындарда, сауда орталықтары мен мәдениет алаңдарында профилактикалық жұмысты күшейту, есірткіге қарсы жарнамаларды кеңейту бойынша шаралар, сонымен қатар, жастар мен бұрын сотталғандардың қатысуымен есірткі тартудың алдын алуға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу белгіленді.
Есепте тұрған жасөспірімдер арасындағы профилактика мәселесіне, кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеуге және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды.
Қабылданған шешімдер ведомствоаралық бірлескен іс-қимылдардың тиімділігін арттыруға және халықты есірткі таратылуымен байланысты қауіп-қатерден қорғау бойынша шараларды күшейтуге бағытталған.