Зеренді ауданында сүт-тауарлы кешеннің құрылысы аяқталуға жақын

Зеренді ауданында сүт-тауарлы кешеннің құрылысы аяқталуға жақын

Зеренді ауданының Еленовка ауылында «Agro Milk Project» ЖШС-ның сүт-тауарлы фермасының құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда нысанның дайындық деңгейі шамамен 90%, ал пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған.

Жобаның жалпы құны — 1,3 млрд теңге, алдағы уақытта инвестиция көлемі 2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылмақ.

Фермада 400 бас ірі қара мал ұстау жоспарлануда. Алғашқы бұзаулаулар мен сауын процесінің басталуы 2025 жылдың желтоқсан – 2026 жылдың қаңтар айларына күтілуде.

Кәсіпорын мәліметінше, ферманың тәуліктік сүт өндірісі шамамен 8 000 литрді құрайтын болады. Өндірілген сүт толығымен «Milk Project» ЖШС-ның сүт зауытына жеткізіліп, өңдеу үшін сапалы шикізаттың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етеді және өңірдің сүт өндірісін дамытуға ықпал етпек.

Кешен іске қосылғаннан кейін 25–30 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өз кезегінде ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды арттыруға және жергілікті экономиканы нығайтуға маңызды үлес қосады.

Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Асхат Ахмедьяновтың айтуынша, жобаның жүзеге асуы аудан үшін зор маңызға ие.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан заманауи сүт-тауарлы ферма жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді», — деді А. Ахмедьянов.