Аймақтың озық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары астық жинау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз

Аймақтың озық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары астық жинау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз

Құрметті диқаншылар!

Аймақтың озық ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен олардың басшыларын астық жинау науқанының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында және жоғары кәсібиліктеріңізбен мол өнім көрсеткіштеріне қол жеткізілді:

  • «АФ Родина» ЖШС (Целиноград ауданы) - 18 ц/га, басшысы: Сауэр Иван Адамович
  • «Шуйское ХХ1» ЖШС (Атбасар ауданы) - 17,7 ц/га, басшысы: Құрманқұлов Алтынбек Бейсембекұлы
  • «Заречный» ЖШС (Есіл ауданы) - 16,3 ц/га, басшысы: Арипов Уәлихан Сапиұлы
  • «Viktorovskoye GCK» ЖШС (Зеренді ауданы) - рекордтық өнімділік 28 ц/га, басшысы: Гончаров Виталий Викторович
  • «Бектау» ЖШС (Шортанды ауданы) - 17,6 ц/га, басшысы: Ткаченко Фелор Петрович
  • «Жаңа жол» ЖШС (Жақсы ауданы) - 16,9 ц/га, басшысы: Байжұманов Даулет Тоқтарұлы

Сондай-ақ, жалпы табысқа қомақты үлес қосқан барлық шаруашылықтарға айрықша алғыс айтамыз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігінің және өркендеуінің негізі!

Нәтижесінде, облыста соңғы 13 жылдағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп, биылғы астық түсімі шамамен 7,2 млн тоннаға жетеді деп болжануда. Ал майлы дақылдардың жалпы өнімі алғаш рет 650 мың тоннадан асады.

Бүгінгі күні 3,8 млн гектар дәнді дақыл орылып, бұл жалпы егістік көлемінің 85,5%-ын құрайды (жоспар – 4681,4 мың га).
Жиналған астық көлемі – 6 млн тоннадан астам, орташа өнімділік 15,9 ц/га. Оның ішінде астықтың басым бөлігі жоғары сапаға сәйкес келеді.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов