
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова денсаулық сақтау саласында жөндеу және құрылыс жүргізіліп жатқан нысандарды аралады.
Бүгінде «Болашақ» балаларға арналған оңалту неврологиялық орталығында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар биыл аяқталады деп жоспарлануда. Орталық тек облыста ғана емес, көршілес өңірлердегі неврология бойынша диспансерлік есепте тұрған балаларға медициналық көмек көрсетеді.
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында операция блогына заманауи құрылыс технологиялық процестері қолданылып, күрделі жөндеу жүргізілуде, бұл бірегей антибактериологиялық қорғанысқа ие құрылыс материалын, көп мәртелі отқа төзімділік пен суға төзімділікті, сондай-ақ жеке жергілікті желдету жүйесін қамтиды.
Сарыарқа қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданында жалпы аумағы 17 га жерде 630 орындық көпсалалы аурухана құрылысы жүріп жатыр. Аталған аурухана үшінші деңгейлі өңірлендіруге жататын болады, бұл Ақмола облысының барлық тұрғындары мен көршілес өңірдің жақын аудандарындағы тұрғындарға жоғары технологиялық мамандандырылған және қолжетімді медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Барлық нысандарда құрылыс мерзімдерінің сақталуына ерекше назар аударылды. А. Әмренова денсаулық сақтау нысандары – бұл әлеуметтік маңызы бар жобалар екенін, олардың уақытылы жүзеге асырылуы аймақ тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша мердігерлік ұйымдарға сапаны бақылауды күшейту, бірқатар бағыттар бойынша жұмыстың қарқынын жандандыру, сондай-ақ жөндеу және құрылыс жұмыстарының барлық кезеңдерінің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету туралы тапсырмалар берілді.
Жаңа нысандарды іске қосу өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытуға айтарлықтай серпін беріп, пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін жағдайды жақсартады деп күтілуде.
Айта кетейік, облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жалғасуда. Барлығы 38 БМСК объектісінің құрылысы жоспарлануда, оның 28-і 2024 жылы аяқталады.