Қосшыда оқушыларға арналған өндірістік экскурсия өтті

Қосшыда оқушыларға арналған өндірістік экскурсия өтті

Қосшы қаласында Қалалық мектеп-гимназиясының 10–11 сынып оқушылары үшін «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында жастар «Қазына СР» жиһаз цехінің жұмысымен танысты.

Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларға еңбек адамының маңызын көрсету, өндірістік кәсіпорынның қызметін таныстыру және болашақ мамандық таңдауда бағыт беру.

Шара аясында цех қызметкерлері оқушыларға жиһаз жасау үдерісін, қолданылатын құрал-жабдықтар мен технологияларды көрсетті. Жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан жан-жақты жауап алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын айқындап, еңбекке деген қызығушылығын арттыруға сеп болады.