Көкшетауда Ақмола облысы әкімінің кубогына жасөспірімдер арасында еркін күрестен сайыс өтті

Көкшетауда Ақмола облысы әкімінің кубогына жасөспірімдер арасында еркін күрестен сайыс өтті

2025 жылдың 14 қыркүйегінде Көкшетау қаласында жасөспірімдер арасында еркін күрестен Ақмола облысы әкімінің кубогы өтті.

Аталған додада еліміздің төрт өңірі - Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарынан келген мықты спортшылар бақ сынасты.

Турнирдің мақсаты – жастар арасында еркін күресті насихаттау, дамыту, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, солтүстік өңірлердің мықты палуандарын анықтау.

Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жалпы жүлде қоры 3,6 миллион теңгені құрады: 

  • 1 орын - 1 500 000 теңге
  • 2 орын - 1 000 000 теңге
  • 3 орын - 700 000 теңге
  • 4 орын – 400 000 теңге

Жарысқа барлығы 5 салмақ дәрежесі бойынша 20 спортшы қатысты. Ақмола облысының намысын қорғаған спортшылар: 

  1. Боранбай Мұхаммед (41 кг)
  2. Фоменко Дмитрий (48 кг)
  3. Шабанов Торехан (57 кг)
  4. Межидов Михаил (68 кг)
  5. Садвақасов Аян (+68 кг)

Жалпыкомандалық есеп нәтижесі: 

🥇 1 орын — Павлодар облысы 

🥈 2 орын — Ақмола облысы 

🥉 3 орын — Солтүстік Қазақстан облысы 

      4 орын — Қостанай облысы