Өткен демалыс күндері IX Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 29 тамыз – 4 қыркүйек аралығында Болгарияның Шумен қаласында информатикадан IX Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI) өтті. Бұл беделді додаға 24 мемлекеттің 100 ең үздік жас бағдарламашылары қатысты.
Қазақстан командасының құрамында 4 қатысушы бақ сынасты. Ерекше мақтанышымызға айналған ақмолалық жасөспірімдер – Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушылары Нұрәлі Шаймерден мен Мұғжан Дінмұхаммед қола медаль иегерлері атанды.